F4 Жгіттің сабаздары мен аңқау Джан Ди қазір кім?

Жариялаған: , уақыты 23.10.2017 , 4 684 рет оқылды

Алдарыңызда “Жұлдызды зерттеу” айдары. Бүгінгі біздің “іздеу” санатымызда  2009 жылы шыққан, талай көрерменнің махаббатына бөленген F4 Жігіттің сабаздары фильмі жайлы. Егер сіз қыз болсаңыз, осы телесериялды көрген болсаңыз, міндетті түрде төртеуінің біреуіне ғашық болдыңыз. Мойындаңызшы?! Жә, сіздің махаббатыңыз нағыз лидер, фильм үшін шашына бұйра салдырған – Ку Джун Пхё болды ма, әлде SS501 -дің әншісі, фильмдегі сабырлы, скрипкашы – Юн Джи Ху ма? Бәлкім, сұлулығымен ерекшеленген  И Джон немесе төрттіктің ішіндегі Донжуан У Бин? Мүмкін сіз жігітсіз және сіздің бала махаббатыңыз аңқау әрі Джан Ди болар?  Эх, ностальгия!

Гүлден де сұлу жігіттер мен қаһарман қыз Джан Ди қазір қайда? Осы сұрақтардың жауабын бірге іздейік. Бірінші кейіпкеріміз басты рөлдің Кым Джан Ди сомдаушысы – Гу Хе Сон мен фильмдегі махаббаты Ку Джен Пхе сомдаушысы – Ли Мин Хо болсын.

Шын аты: Гу Хе Сон / Goo Hye Seon / Koo Hye Sun / Ku Hye Son / 쿠혜순
Туған жылы: 09 қараша 1984 ж – 33 жаста
Туған жері: Сеул, Оңтүстік Корея
Мамандығы: Актриса,әнші, суретші, жазушы, режиссер. Барлығы 8 фильмде ойнаған.
Бойы: 163 см
Салмағы: 42 кг
Жұлдызнамасы: сарышаян
YG Entertainment агенттігі

Жеке өмірі: 2015 жылдан бері актер  Ан Чжэ Хёноммен кездесіп, 21 мамыр 2016 жылы тойлары өтті. 2017 жылдың наурыз айында Хе Сон денсаулығына байланысты MBC  «Вас слишком много» (You’re Too Much) драмасындағы рөлінен бас тартады. Ауруханаға түсірілім алаңында басы айналған актрисаны анафилактикалық аллергия деген диагнозбен түседі. Арада бірнеше ай өте ғана мамыр айында актриса халық алдына қайта шығады.

Шын аты: Ли Мин Хо / Lee Min Ho / 이민호
Туған жылы: 22 маусым 1987 ж – 30 жаста
Туған жері: Сеул, Оңтүстік Корея
Мамандығы: Актер,әнші,модель
Бойы: 187 см
Салмағы: 71 кг
Жұлдызнамасы: шаян
Starhaus Entertainment агенттігі

Отбасында Ата-анасы және әпкесі бар. Сүйікті музыка жанрлары: Баллада, поп Сүйікті әншілері: Lee Seung Chul, Im Jae Bum. Сүйікті әртістері: Леонардо Ди Каприо, Kim Su Ro, Seol Kyung Gu Бала арманы: Футболист болу, Манчестер клубының ойыншысы Криштиану Роналдоға ұқсағысы келген. Иттерді жақсы көреді. Чоко атты иті бар. 20 жасында жол апатына түскен, 2015 жылы әскерге кетеді. 35 жасында үйленгенді жөн санайды. Фортепианода ойнайды. Етті тағамдарды жақсы көреді.  Ресми сайттарда, Мин Хоның әскери қызметтке кірісіп, қазір әскерде дайындықта өтіп жатқанын жазған. Ұзынқұлақтардың айтуы бойынша, Сюзи атты актрисамен кездесіп, жақында тойлары болмақ.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.