Аға VS Неке? Сіз қайсысын таңдаушы едіңіз?

Жариялаған: , уақыты 20.10.2017 , 1 781 рет оқылды

Тұсауы 26 қазан кесілетін жаңа, отандық “Брат или Брак” комедиясы экранға шықпай жатып, көпшіліктің қызығушылығына ие болуда. Біздің бүгінгі қонақтарымыз осы фильмнің басты рөл сомдаушылары: “Жау жүрек мың баланың” Қорланы, “Махаббатым жүрегімденіңДастаны, “Cұр бойдақтың” Қадірбегі.

Иә, иә бүгінгі біздің жұлдызды кейіпкерлеріміз: “Брат или Брак” кинотуындысының продюсері әрі басты рөл сомдаушысы –  Құралай Анарбекова, модель, актер, тележүргізушісі, миллиондаған қыздың арманы – Тәуекел Мүсілім, “Нысана” әзіл-сықақ театрының директоры, актерӘбунасыр Серіков.

 

  • Ж.Ә: Қош келдіңіздер! Көңіл күйлеріңіз қалай? Астана сіздер үшін суығын жинастырып, шуағымен қарсалды. Бұл бір жақсылықтың нышаны-ау. Қалай ойлайсыздар?
  • –  Құралай: Әуелі бізді “Жұлдыздар әлеміне” шақырғандарыңыз үшін рақмет. Иә, біздің қуанышымызға орай ауа-райы да тамаша болып тұр. Дәл осындай адамның ішкі ауа-райымен біздің халыққа ұсынып отырған фильмімізді де осылай қабылдаса екен дейміз.
  • Ж.Ә: Фильм демекші, премьерасы 26 қазанға жоспарланған “Брат или Брак” фильмі жайлы сөз етсек. Фильм кімнің идеясы?
  •  – Құралай: Бұл фильмде мен тек актриса ретінде емес, алғаш рет продюсер ретінде бой көрсетемін. Негізі осы туынды жайлы түсіруді 5 жыл бұрын ойластырғанмын, дайындығының өзіне 3 жыл кетті. Өздеріңіз де байқаған шығарсыздар, көрермендер мені жоғалтып алды. Мәскеу қаласында продюсер мамандығы бойынша тәлім алып, енді қолға алудамын. Енді жоғалмаймын.

 

  • Ж.Ә: Тәуекел, келесі сұрағымызды сізге қойсақ, сіздің кейіпкеріңіз қандай? Оның сізге ұқсастығы бар ма?
  • – Тәуекел: Барша оқырмандарға сәлем! Мен негізі “Брат или Брак” фильмінде басты рөлді емес,  екінші рөлді сомдаймын. Басты рөлді, яғни Гаухардың сүйіктісін белгілі актер, нағыз талант иесі – Дәурен Серғазин сомдайды. Менің кейіпкерім – Марсель. Өзіне деген махаббаты ерекше, өзіне сенімді жігіт. Мен енді өмірде қарапайыммын ғой (күліп). Негізі басында ұсыныс түскенде, мен бұл рөлге қарсы болдым, бірақ кейін мұндай рөлді де көрейін деп, қабылдадым.
  • Ж.Ә: Тәуекел, сізге бір ситуациялық сұрақ қояйық, сіздің жүріп жүрген сүйіктіңіздің фильмдегідей бес ағасы бар. Олар сізді жақтыра бермейді, барынша аяқтан шалады. Сіз не істер едіңіз?
  • – Тәуекел: Өте қызық, әрі қиын сұрақ екен)) Менің әрқайсына уақытым жоқ енді, бәрін бірге жинап алып сөйлесер едім. Бірақ мұндай ситуацияны басыма бермей-ақ қойсын))

 

  • Ж.Ә: Әбунасыр аға, ендігі сұрақ сізге. Фильмнің трейлерінде сіздің сальто тастайтын жерлеріңіз бар. Жасыңыз да бір шама, жас емессіз, каскадер да емессіз, айтыңызшы қалай секіріп жүрсіз?
  • –  Әбунасыр:  (әбден күліп) Өзіміз жас болмасақ та көңіліміз жас қой. Ауылда өстік, даланың баласымыз, одан да қиындарын жасап, секеңдеп өстік. Есте қалғандары да енді)) Менің образымның өзі нағыз позитив. Өзіме жақын образ, жақын кейіпкер. Халықтың көңілінен шығу үшін барымызды салдық.
  • Ж.Ә:  Фильмде орын алған ерекше сәттерді айта отырсаңыздар. Жалпы фильм жайлы да продюсер ретінде айта отырсаңыз.
  • – Құралай: Фильм түсірілімі енді ғана басталып жүргенде байқаусызда жол апатына ұшырадым. Грим жасаушыларға рақмет, біраз бетімдегі жараларды жасырып берді. Дегенмен, аңдап қараса білініп тұрады. Оқиға түсірілімге еш кедергісін көрсетпеді, шүкір жеңіл болған соң барлығы ойдағыдай өтті. Басты рөлде – ГАУХАР есімді қыздың бастан өткен оқиғасы жайлы, ол өз ағаларының әсіре қамқорлығынан тұрмысқа шыға алмайды. Тек жалғыз бір ғана жігіт қыздың бес ағасына өз махаббатын дәлелдеп, Гауһардан басқаға үйленбейтінін айтады. Жаңа туындының режиссері Ернар Нұрғалиев. Осыған дейін ол “Сүйе білсең”, Қазақ Аруы” және “Тараз” бен “Келинка Сабина” фильмдерін түсіруге атсалысқан.
  • Ж.Ә: Сұхбаттарыңызға рақмет! Фильмге жоғары рейтинг, сіздерге көп туынды және басты рөлдер тілейміз. Әрқайсыңыз біздің әлеміміздің оқырмандарына бір-екі тілектен айтсаңыздар.
  • Құралай: Оқырмандарыңыз көп, оқығандар іздегенін дөп тапсын!
  • Тәуекел: Ғажап өмір, сымбатты көңіл тілеймін!
  • Әбунасыр: Күліп оянып, күліп жатып, күліп жүріңіздер!
  • КЕЗДЕСКЕНШЕ!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.