fbpx

Төреғалидың тойы қалай өтуде? “Жұлдыздар Әлемінің” жұлдызды зерттеуі.

Жариялаған: , уақыты 18.10.2017 , 3 292 рет оқылды

Сіздермен бірге “Жұлдыздар Әлемінің” жұлдызды зерттеуі. Бүгінгі біздің айдарымыздың басты себепшісі – Төреғали Төреәлінің үйлену тойы. Кеттік!

  1. Той Толқынның ұзатылып, Алихановтар (Төреәлі Алиханов – Төрештің әкесі) отбасына келін боп түскеннен соң, арада 3 жыл уақыт салып үйлену тойы енді өтуде. (Ұзату 2014 жылы болған)
  2. Төреғали алғашқы сұхбаттарының бірінде, жігіттің 25 жасында отау құрғаны дұрыс екенін, өзі де сол жасында отау құрғысы келетінін айтып өткен. “Айхай 25” – жеттің-ау! Баламалы түрде болса да, бастысы той жиырма бесінде өтіп отыр.
  3. Тойдың ұйымдастырушыларының бірі, Төрештің концерттің продюсері – Жан Мұқановтың “ZHAN ALEMI GROUP” орталығы.
  4.  той 2017 жылдың 17-қазаны, 17:00. Әттең, шілде емес!
  5. “Amaty RIXOS Grand Ballroom” іші бүгін жердегі жұлдыздарға толы.
  6. Тойға белгілі телеарналар мен журналистер де шақырылды.
  7. Төреғали мен Толқынның үйлену тойын жасауға, екі балаларының бар болғаны да кедергі болмады. “Ештен кеш жақсы” – дегендей.
  8. Жар-жардың керегі не, Жігіттер тұрғанда?! Екі жас Жігіттер квартетінің әнімен жиналған қауымға сәлем берді.
  9.  Тайды тек сүндет тойда емес, “кешіккен” үйлену тойда да, нағашылардың арқасында мінуге болады.
  10. Толқынның үйлену тойға арнайы тіктірген көйлегінің бағасы 1,000,000 теңге екен.
  11. Тойдың тізгінін алты жүргізуші ұстады. Бір емес, екі емес бірден 6 жүргізуші.                                                          Ескерте кететін жайт: Төреғали мен Толқын екінші рет отау құрып жатқан жоқ! 2014 жылы өткен ұзатудан кейін, үлкен тойды етене дайындықпен енді жасауда.

Бір пікір

  1. Шұғыла

    18.10.2017 at 10:26

    бақытты болыңдар жас жубаилар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.