Төреғали жары Толқынға арнап қалың көрермен алдындa ән салды

Жариялаған: , уақыты 12.10.2017 , 1 279 рет оқылды

Төреғали Төреәлі  #Айхай25 деп аталатын 5 күнге созылатын концерттік бағдарламасының әр кеші өзінің ерекшелігімен, сарайда жиналған тыңдармандарын таңқалдыруда. Сол ерекшеліктің бірі, “Үйленбегем, түрім өзі осындай”,-деп жырлаған Төреш, Қайраттан қалыспай жарының бар екенін мойындады.Су жаңа 25 тректі тоғыстырған Төреағали, осы уақытқа дейін жұбайы жайлы ауыз ашпай, аз ақпарат беретін.  Бұл кеште бір басының екеу болғанын айтып, дүйім жұрттан сүйінші сұрады. Сонымен қатар, жұбайына арнап жазған жаңа әннің тұсауын кесті.

«Құрметті ағайын, сүйінші! Мен қазақ қызға үйлендім! Сұрасаңыздар айтайын, таңдаған жарым Ұлы жүзден, Албанның қызы. Есімі Толқын. Бүгінгі кеште өзімнің өмірлік жұбайыма арнап су жаңа әннің тұсауын кескелі тұрмын. Ол ән «Толқын» деп аталады», – деп қос қызының анасына ән арнаған Төреғали тыңдарманын жарымен ән арқылы таныстырды.  

 

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.