Қайраттың Жұлдызының жұлдызды күні. Жұлдыз енді бізбен бірге

Жариялаған: , уақыты 10.10.2017 , 1 744 рет оқылды

Жуырда ғана дүйім жұртшылықтың алдына Қайрат Нұртас жаңа фильмде басты рөлде сомдаған жарын  таныстырды. Қаншама жылдар бойы көзден тасада ұстаған белгілі әншінің жары инстаграм парақшасына тіркелді. Бұл жайлы ресми түрде әншінің өзі хабарлады. Білуімізше, онсыз да желіде Жұлдыздың атынан ашылған парақшалар мен отбасылық архивтен суреттер жарияланып жүрген. Енді ресми парақшаның арқасында фейк-аккаунттар тынышталар деген сенімдеміз.  Халық арасында жұлдызды күні енді жанған Жұлдыз, Қайраттан асып түседі-ау деген болжамдар да бар. Онымен қоса, Қайраттың әкесі Нұртас Айдарбеков, өзінің инстаграм парақшасында: “Біз де осы күнді асыға күттік. Енді бар күшімізді Жұлдызға саламыз” – деген болатын. Жұлдыздың парақшасында оқырмандары сағат санап емес, минут санап өсуде. Біз де, Жұлдызға сабыр, адал оқырман және жаңа табыстар тілейміз!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.