Қазан айына жоспарланған, ең танымал отандық фильмдер үштігі.

Жариялаған: , уақыты 06.10.2017 , 523 рет оқылды

Жыл сайын отандық фильмдеріміздің жарыққа шығуының көбейіп отырғаны қуантуда. Сапасы да, рейтінгі де шет елдік фильмдерден кем емес. Дәл сондай, көп үміт күттерін жаңа отандық тусаукесерлердің қазан айындағы премьераларын назарларыңызға ұсынамыз.

  1. Қайрат Нұртастың фильмі: “Арман” немесе Когда ангелы спят. Трейлері мен фильм саундтрегінің желісі бойынша, Қайраттың өмірінен сыр шертетін фильм. Презентациясы 12 қазанға жоспарланып отыр. Қайрат Нұртас аталған фильмде 10 жыл бойы жасырған құпиясын ашуға уәде еткен болатын. Сондықтан да, көп көрермен бұл фильмді күн санап күтіп жүр. Басты рөлде осы күнге дейін Қайраттың жасырған жары деп “болжаған” Жұлдыз Абдукаримова ойнайды. Әзірше, барлығы “интригада”. Дегенмен, 12 қазанға да, көп күн қалған жоқ…

 

  1. Жаңашылдығымен, жаңалығымен елді бір сілкіндіріп, бір шулатқан, иглздардың сүйіктісі “NINETY ONE”  тобының мүшелері басты рөлді сомдайтын отандық “Қағаз кеме” телесериалы. Сериал тұсаукесері НТК арнасында 30 қазанда кесілмек. Жігіттер үшін бұл  дебют емес, олар бірнеше ай бұрын ғана жарық көрген “91 Ninety One” өздерінің “биографиялық” фильмдерінде актерлік шеберліктерімен таңқалдарып үлгерді. Сондықтан, сериал да шеберлік жағынан сәтті шығады деген сенімдеміз.

 

  1. Отандық комедия Брат или Брак. Танымал актриса, “Жаужүрек мың баланың” Қорланы, Құралай Анарбекованың продюсер ретіндегі дебюттік фильмі. Оқиға желісі бойынша, төрт ағасы бар Гаухардың сүйіктісі Айдардың басынан өткендері. Жанрына аты сай фильм болады деген үмітпен, асыға күтудеміз. Фильм 26 қазанға жоспарлануда.

 

 

 

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.