Экс-ғашықтардың қайта табысқандары рас па?

Жариялаған: , уақыты 05.10.2017 , 5 263 рет оқылды

Көңіл жарастырып, ел аузына еріксіз іліккен Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейтмағамбет жұбы халық арасында кеңінен талқыланып, ақыры екеуі ажырасып тынған еді. Бұл туралы НТК арнасының “Ревю” бағдарламасы хабарлайды.

Ақбота да, Дәурен де әлуметтік желіге жазба қалдырып, қарым-қатынастарының соңғы нүктесін қойған да болатын. Алайда, «Ревюньюс» тілшілері экс-сүйіктілерді бірге тамақтанып отырған жерінен байқап қалды. Айдарқұлов мырза бұл жайында жұмған аузын ашпауға шындап бекінгендей.

Дәурен Айдарқұлов:

-Комментарий бермеуге құқылымын. Бірнәрсе айтқым келсе айтар едім. Рахмет.

Экс ғашықтардың қайта табысу бек мүмкін. Алайда, ортақ баланың ата-анасы ретінде екеуінің кездесуге құқылы екені тағы бар…

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.