fbpx

Аша Матай: 91 тобының өнерін құрметтеймін, әндерін тыңдаймын, бірақ…

Жариялаған: , уақыты 05.10.2017 , 1 997 рет оқылды

Әнші әрі тележүргізуші Аша Матай “EMA 2017” марапатында Ninety One жігіттеріне ескерту жасаймын деп топ жанкүйерлерінің сынына қалған еді. Eaglez Ашаның өздерінен ел алдында кешірім сұрауын жаппай талап еткен болатын. Бұл туралы Nur.kz хабарлайды.

Муззон  арнасына сұхбат берген Аша Матай топ жігіттері ойланып сөйлеуі керек екенін айтты.

“Біріншіден менің ол топқа, оның продюсерлеріне еш қарсылығым жоқ. Бұны жігіттердің өздері де растайды. Менің жігіттерге айтқаным, әннің сөздеріне қарсы шыққаным емес, оны ұнатпағаным. Ал жігіттердің өнерлеріне өте жақсы қараймын, әндерін тыңдаймын. Ең бастысы әр адам ойланып сөйлеу керек сияқты. Мен өзім кәсіби тележүргізуші болғаннан кейін, менің айтпауым дұрыс болмаушы еді. Сондықтан айтуға бел будым”, – дейді Аша.

Аша Матай 91 тобының әншілерін “Су астында” деген әндерінің мәтіні үшін сынға алған болатын. Айтуынша, әннің мәтіні оған мүлдем ұнамаған.

Бір пікір

  1. Қолқоюсыз

    06.09.2018 at 22:44

    Су асты деген ән ол үлкен мағынаны береді. Егерд Аша Матай 91 тобынын берген сұхбатын көрсе ұгар еді. Ол сұхбатта 91 тобы неге су асты деп қойғанын айтады. Маған 91 тлбынын кез-келген әні қатты ұнайды. Әр әніде өздеріде жүрегімде❤❤❤❤❤

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.