KARA SEVDA “Өшпес маxаббат” қайта оралады ма?

Жариялаған: , уақыты 04.10.2017 , 841 рет оқылды

Әлемге әйгілі, жердің түкпір-түкпірінен миллиондаған көрермені бар, ең танымал, рейтингi жоғары түрік телесериалдардың бірі: KARA SEVDA “Өшпес маxаббат” (Чёрная любовь) қайта оралады ма?

Түсірілімі 2015 жылы басталған 2 бөлім 74 сериядан тұратын драма және мелодрама жанрындағы Kara Sevda (Чёрная любовь) сериалы тек қыздар аудиториясына ғана емес, жігіттер жағына да қызықты, ең танымал сериалдардың біріне айналған. Басты рөлде талай қыздың арманы, модель, режиссер, актер – Бурак Озчивит және жастайынан Үзілген жапырақтар сериалынан таныс Неслихан Атагюль ойнайды. Көрермендер тайталысқа, махаббатқа деген ұмтылысқа толы сериалдың соңғы бөлімдерін асыға күткен.

Бір сериясы 2 сағат 45 минутқа созылған шытырман оқиғаларға толы, әр сериясын тағатсыздана күттіретін бұл сериал 74 – бөліммен біткен болатын. Соңғы бөлімдердің оқиға желісі бойынша Кемаль мен Эмир жарылыстан көз жұмады. Бірақ ғаламтордағы 3 – бөлімнің трейлері, түсірілім барысындағы бэкстейдждері бойынша жалғасының барына ұқсайды. Дегенмен,  “Ay Yapim” түсіруші тобы да, сериал сценаристі, тіпті актерлардың өздері де әзірге  “интрига” қалпын сақтап, тіс жармай жармай жүр.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.