“Қалаулымның” жігіттері сөздерінде тұрды.

Жариялаған: , уақыты 04.10.2017 , 875 рет оқылды

“Қалаулым” жобасының эфирге шыққанына аса көп уақыт болмаса да, жоба өз көрермендерін тауып үлгерді. Жұмыс күндері сағат 12:00 ден 15:00 дейін “Еуразия” бірінші арнасында тікелей эфирде, белгілі жүргізуші Аша Матайдың тізгінімен бағдарлама эфирге шығады. Өз махаббатын жолықтырудан үмітті жандар үшін «Қалаулым» жобасы – бұл өмірлік серігін жолықтырып, отбасылық бақытқа қол жеткізудің бір мүмкіндігі.
Live-шоу атанған “Қалаулым” студиясында осы күнге дейін неше түрлі оқиғалар орын алып жүр. Көбіне жастар аудиториясына арналған бұл жобаны үлкен буындылар да қызықпен тамашалайды екен. Жоба шарты бойынша әр апта сайын қатысушыларға бір үміткерден келіп отырады. Қатысушы мен үміткерге жақсылап танысу үшін бірнеше уақыт беріледі, сол уақытта бір-бірін ұнатып жатса, жаңа жұп пайда болады. Сол секілді  қатысушы Мәдиге де үміткер ретінде Гүлханым есімді қыз келіп еді. Ислам мен Мәди алдыңғы шығарылымдардың бірінде бәстескен болатын. Бәстестік шарты бойынша, Мәди өзіне келген жетінші үміткермен тіл табысып, көңіл жарастыра алмаса, Ислам оның шашын қысқа етіп алмақ еді.
Жобаның кешегі шығарылымы (03.10.17ж) тіпті ерекше өтіпті. Мәди көңіл жарастыра алмады, есесіне тікелей эфирде, дүйім жұрттың көзінше Ислам Мәдидің шашын өз қолымен алды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.