Әнші Бүркіт халыққа «Апан» деп аталатын кинотуындысын ұсынбақ.

Жариялаған: , уақыты 31.08.2017 , 185 рет оқылды

Халыққа кеңінен әнші ретінде танылып жүрген Бүркiт енді режиссерлік қырынан да көрінбек. «Otan Film» кинокомпаниясымен түсірілген «Апан» фильмінде басты рөлдерді Жан Байжанбаев, Айлин, Асхат Тишибаев, Бауыржан Сатов, Алия Байбусинова, Айым және Ақылжан сынды актерлік құрам сомдайды.


Триллер мен экшн жанрында түсірілген «Апан» фильмінің түсірiлiм жұмыстары көктемде басталып, Табиғаты жағынан ерекше болып саналатын Бурабайда түсірiлген. Фильмнiң премьерасы желтоқсан айында экранға шығады.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.