Ақбота Керімбекова тойын дүркіретіп өткізді

Жариялаған: , уақыты 28.08.2017 , 2 191 рет оқылды

Бірнеше ай бұрын белгілі әнші Ақбота Керімбекованың үшінші рет тұрмыс құрғанын хабарлаған болатынбыз. Бұл жолы әншінің таңдауы Рауан есімді актерге түскен-ді. Бірер күн бұрын Рауан мен Ақбота туған-туыстарын, өнер мен өмірдегі дос-жарандарын жиып, үйлену тойларын жасады.

Бұл туралы Reactor.inform.kz хабарлайды.

Әнші ақ көйлек киіп, сары аксессуарлар таңдаған. Құрбылары мен тойға келген қонақтар да сары түсті киімдер киіпті. Ашық аспан астында өткен тойға жұбайлар лимузинмен келді. Ақбота арнайы жасалған сахнада келген қонақтарға өзінің алғысын білдіріп, Рауан екеуі ән салған.

Айта кетейік, әншінің алғашқы екі некесінен үш ұлы бар. Ал Рауанның бірінші некесінен бір ұлы бар. Рауан Оралдың тумасы, театр актері, Ақбота Керімбековадан сегіз жас кіші.

2 пікір

  1. Қолқоюсыз

    28.08.2017 at 19:38

    Салем Акбота молодец бакытты болындар

  2. Қолқоюсыз

    15.09.2017 at 16:08

    Бәрі жақсы. Бірақ сегіз жас кіші болғаны олқы боп тұр көңілге. Ақбота жақсы көретін әншім еді. Бақытты болсын!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.