Q-POP бағытындағы тағы бір топ пайда болды

Жариялаған: , уақыты 24.08.2017 , 745 рет оқылды

Q-pop бағыты қазіргі таңда өте қатты дамып келе жатқан бағыт. Бұл бағытта “Newton” – деп аталатын тағы бір топ пайда болды.

Жап-жаңа топ алғашқы, дебюттік “Жалықтым” – атты әніне түсірілген бейнебаяндарын жарыққа шығарып, көпшілікке ұсынды. Дегенменде топты көпшілігі ұнатпаған секілді, өйткен көпшілігі “Ninety one тобының көшірмесі, әндері де сол топтың әндерімен аумайды”, “Black dial тобының “Сөйле” – атты әнінен аумайды” – деген пікір қалдыруда.

Топтың продюсері – әзілқойшы, актер, режиссер енді продюсер Парасат Ибраев.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.