​Белдемше киген Әлішер Кәрімов елдің сынына ұшырады

Жариялаған: , уақыты 22.08.2017 , 932 рет оқылды

Эстрадада ерекше стилімен көзге түсетін зор дауысты әнші Әлішер Каримов бұл жолы белдемше киіп елдің сынына қалды. Бұл туралы Reactor.inform.kz хабарлайды.

Шолақ шалбар, қасаң стильге сыймайтын образды киімдер, жейдесіз костюмдерді тек Әлішер ғана кие алады. Бұл жолы да әнші сол әдетінен танбай, қалың оқырманын таңғалдырды.

Әнші «Star of  asia Almaty» жобасына қатысып, марапат алған.

Ал желі қолданушылары болса әншінің марапатын емес, киімін ерсі көріп сынға алды. Олар белдемшенің ер адам киетін киім емес екенін, тіпті күмәнді ойларға жол ашатынын жазып жатыр.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.