Динара Сұлтан: “Star of Asia” жанды дауыс ән айтылмады”

Жариялаған: , уақыты 21.08.2017 , 567 рет оқылды

19-20 тамыз күндері Алматы қаласында халықаралық  “Star of Asia” музыкалық фестивалі өткен болатын. Аталмыш шараны теледидардан тамашалаған Динара Сұлтан, жанды дауыста ән орындамаған әріптестеріне ренішін білдірді.

“Жалпы, біздің елде жанды дауыста ән айту туралы мәселе сөз бола бастағанда, әншілеріміздің көбі оған лайық аппаратуралардың жоқтығын, концерт залдардың акустикасының дұрыс еместігін сылтау қылатын. Мүмкін, бір кездері солай болған да шығар. Ал қазір ше? Жанды дауыста әндерін орындауға не кедергі? Бүгін ктк арнасынан жанұямызбен #starofasia көріп отырып, біздің Отандық әртістеріміздің біреуі де жанды дауыста ән айтпағанына таңқалдым. Шетелден келген әртістердің 80% жанды дауыста бір емес, бірнеше ән орындап шықты. Демек, біздің әншілердің де сол жерде жанды дауыста ән айтуына толық мүмкіндік болды ғой?
Сонда қалай болғаны?” – деп жазады әнші.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.