Астана тұңғыш рет халықаралық Жайдарман ойындары өтпек

Жариялаған: , уақыты 21.08.2017 , 66 рет оқылды

Астанада тұңғыш рет халықаралық Жайдарман ойындары өтеді. Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы мен Қазақстан КВН Одағы “Тіл фестивалі ” аясында өткізгелі отырған шарада бірнеше елден келген жайдарманшылар қазақ тілінде өнер көрсетпек.

Бұл ойын қазақ тілінің дамуына, қолданыс аясын кеңейтуге үлкен үлес қосары анық. Сондай-ақ көрші мемлекеттердің жастары арасында байланыс орнатуға таптырмас мүмкіндік. Ойынға қатысушы топтардың бірқатары Қазақстанда өнер көрсетіп үлгерген. Сондай-ақ концертте еліміздегі бірнеше өңірдің танымал жайдарманшыларынан құралған топтар да ойнайды.

Ойын 25 тамыз күні “Астана” концерт залында сағ 18:30-да басталады. Концертті көрермендер арнайы шақыру қағазы бойынша тамашалайды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.