“Айтуға оңай” бағдарламасы жабылды

Жариялаған: , уақыты 10.08.2017 , 1 820 рет оқылды

Бес жыл бойы қоғамдағы қордаланған проблемалар, қиюы кетіп тұрған әлеуметтік-тұрмыстық мәселелер, талайлы тағдырлар туралы айтып, түрлі мәселелерді шешетін “Айтуға оңай” бағдарламасы жабылды. Бұл туралы бағдарлама жүргізушісі Бейсен Құранбек Фейсбук желісінде хабарлады.

Фото: Juldyz.kz

“Әр нәрсенің уақыты бар, әр нәрсенің өлшемі бар. Одан кейін қайталау, ұсақталу, кері кету басталатыны белгілі.

Жеке өзім үшін де бұл шешім оңайға түскен жоқ. Құдай өмір берсе сағынышпен ескен алатын бір кезең артта қалып барады. Мен үшін «АЙТУҒА ОҢАЙ» үйрену, өсу, қызмет ету мектебі болды” – дейді Бейсен Құранбек.

Тележүргізуші бағдарламаға ат салысқан барша жандарға алғысын білдіріп, жаңа жобада жүздесетінін мәлім етті.

5 пікір

  1. Дарибаева Ажар

    16.08.2017 at 15:04

    Мен қызға барған күні аи жарық болады депті біреу Мен бараиын деп адресін бір көше жаяу аралап барсам еңбек демалысында деп еді Қызымның Азаматтық Құқығын қорғауда жалғыз тірегім Аитуға Оңаи болар деп сеніп едім Таксист қызымды аурухананың алдына лақтырып кетті Июннің он бірі күні Информбюродан 22июнь күні Жан жарасы деп тікелеи көрсетіп еді Беисен Құранбек қадімгідеи мен үшін соққы болды Біз үшін бұдан асқан соққы жоқ сияқты болды Қаида жүрсеніз де талабыңыз оңынан келсін Мен сіздің Аитуға Оңаи жабылды дегенде жан жағымда сүиенетін ештеңе жоқтаи сипаланып қалдым Бізге заң өкілдері ешқандаи көмек көрсетпеи тұр Аман жүріңіз Сау болыңыз Құрметпен Дарибаева Ажар Қарасаи Ауданы Үшқоңыр Ауылы

  2. Динара

    24.08.2017 at 07:20

    Қазақ тілінде көретін санаулы ғана бағдарламалар бар соның бірі осы “Айтуға оңай” еді. Қаншама өзекті проблемалар осы бағдарламада шешіліп еді. Əркім осы бағдарламадан өзіне керегін алып,көкейіне түйді қаншама адамдарға ой салды. Жабылғаны өкініші əрине. Осы бағдарламаның жүргізушісі Бейсен Құранбекке творчествалық табыс,отбасына бақ-береке тілеймін. Бағдарламаны жүргізгенде өзін керемет еркін ұстайды бейне бір үйде əңгімелесіп отырғандай сезіледі. Сол кезде кейіпкер өзін еркін ұстап ағынан жарылады,кейде өксігін тоқтата алмаған кездерде болды. Бұл да бір журналит пен актер бір адамның бойна біткен нағыз өнер адамы.

  3. Қолқоюсыз

    15.09.2017 at 16:01

    “Айтуға оңай” бағдарламасы арқылы қаншама адамның жеке басының мәселесі шешілді. Бейсен Құранбек нағыз журналист. Қоғамда болып жатқан көптеген оқиғалардың басын ашып, қолынан келген көмегін көрсетті. Алғысын, батасын алды елдің. Осындай бағдарламалар халыққа бірден бір керек. Сізді жаңа бір қырыңыздан көріп, тағы да елдің алғысына бөленетін бағдарламада көргіміз келеді. Шығармашылық табыс тілейміз. Журналистиканың шыңына шыға беріңіз.

  4. КОЖАХМЕТОВ МАДИЯР

    05.10.2017 at 20:39

    Меня зовут Мадияр я вырос в детском доме и меня не дают дом почему-то не кто не обращаю внимания почем у меня нету не чего мне 21 лет 87474469084

  5. КОЖАХМЕТОВ МАДИЯР

    05.10.2017 at 20:42

    Меня зовут Мадияр я вырос в детском доме и меня не дают дом почему-то не кто не обращаю внимания почем у меня нету не чего мне 21 лет 87474469084

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.