Сәкен Майғазиев өнер мектебін ашты

Жариялаған: , уақыты 07.08.2017 , 185 рет оқылды

Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Сәкен Майғазиев «SMart» деп аталатын өнер мектебін ашты. Бұл жайында stan.kz сайты мәлімдеді.

Фото: Stan.kz

Аталмыш мектепте  балалар қабілетіне қарай оқуға қабылданады екен. Мысалы осы жылдың қыркүйек айынан бастап бұл мектеп жұмысын бастағалы тұр. Қазірдің өзінде 300 бала оқуға қабылданыпты. Алдағы уақытта әлі де қабылданады

Смарт мектепте: эстрадалық вокал,домбыра,хореография, логопедия, қазақ тілі, ағылшын тілі, сахна тілі, актер шеберлігі, информатика деген пәндер бар.

«SMart» бастапқы қос әріп менің есімім мен тегім. «Art» сөзінің өнер екені баршамызға белгілі. Мен бұл мектеп арқылы пайдаға бататын болдым деп ойламаймын. Қалалық әкімдіктің қолдауы болды. Мұнда балаларды тек талантына қарап қабылдайтын боламыз. Бұл жерде өзім де сабақ беретін боламын. Басқа да әріптестерім балаларды өнерге баулитын болады»,-дейді әнші Сәкен Майғазиев.

Дереккөз: Baistars.kz

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.