Ақбота Сейтмағамбетова: Дүбірлі той өткізбедік, бірақ шариғат бойынша некемізді қидырдық

Жариялаған: , уақыты 20.07.2017 , 8 387 рет оқылды

Әзілкеш Дәурен Айдарқұловқа қосылып, басы дауға қалған “КЕШYOU” тобының экс-әншісі “Gakku” арнасына эксклюзивті сұхбат берді.

Ақбота Сейтмағамбетова: “Гламур для дур” – фильмі түсіргеннен бастап, біздің махаббатымызды басталды деп айтсақ болады. Баламның жарығы болар, осы киноға түсіп, дүниеге сәби алып келдім. Аллаға шүкір, Дәурен екеуміз бақыттымыз. Негізі оның отбасылы болғанын білдім, ол екі отбасын да асыраймын деген болатын, бірақ екі әйелі болғанына ол қарсы болды деуге болады. Дәурен алғашқы әйелімен заң бойынша ажырасқан, бірақ бала-шағасы үшін араласып тұрады. Үйде кішігірім ұзату той болды, қазір әрине бірге тұрамыз, алғашқы некесіндегі үш баласына да барып тұрады. Оның бірінші отбасы болғанын білесіздер, сондықтан шамалы жағдайға қарастық, тойды артқа шегере тұрдық. “Халық некеде тұрған жоқ осындай да, осындай” – деп жатыр ғой, негізі ата-анамыз келісіп, қазан айында шариғат бойынша некеміз қиылған болатын.” – дейді әнші.

“КешYOU” тобының экс-әншісі бірден екі, үш ән жазып, өзінің жеке шығармышылық жұмысын қолға алмақ.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.