Алтынай Жорабаева ажырасқанын мойындады

Жариялаған: , уақыты 19.07.2017 , 8 562 рет оқылды

Әнші Алтынай Жорабаева ажырасқанын алғаш рет мойындады деп хабарлайды Nur.kz

“Бейбітпен таныстығымыз, сонау 1997 жылы ” Жас қанат” байқауынан бері. Бір-бірімізді көрмегелі біраз болған еді… Шынында да қатты сағынып қалған екенмін… Бірақ шүйіркелесе алмадық… Тойдағы қатты музыкадан ба?”, – деп жазған әнші жұрттың таңданысын тудырған хэштегтерді тізеді.

“Негізі ажырасқаннан бері білмеймін, өзімді төмен санайтын болыппын, әсіресе күйеуі бар келіншектермен отырғанда күйеулерінен қатты ыңғайсызданамын. Бәрібір күйеулеріне ұнамайды ғой, келіншегінің ажырасқан әйелмен араласқаны”, – деп хэштегтерге ойын тізіп шықты әнші.

Бұл хэштегтерді байқап қалған желі қолданушылары Жорабаеваға ана және әйел бақытын тілеп, еңсесін түсірмеуге шақырды.

“Төмен санама өзіңді, ешқашан. Алланың алдында бәріміз бірдей пендеміз. Алла кемітпесін. Төрт қызыңның жамандығын көрме”, “Алтынай, айналайын, олай мұңайма. Басыңды биік, жоғары ұста. Қыздарың аман болсын. Сені халқың жақсы көреді”, – дейді пікір қалдырушылар.

Еске салсақ, Жорабаеваның продюсер Сәбит Әбдіхалықовпен ажырасқаны туралы елде сыбыс тараған болатын. Содан кейін Сәбит Әбдіхалықов ажырасқанын растағанымен, Жорабаеваның өзі осы күнге дейін ажырасқаны туралы тіс жармай келген.

5 пікір

  1. Қолқоюсыз

    19.07.2017 at 15:51

    Алтынайдың ойлағаны дұрыс.әрбір келіншек солай ойлайды.бырақ оған амал жоқ.күйеуі бар келіншекты күйеуі ажырасқан әйелмен көп араластырғысы келемейлы.ол рас.

  2. Майра

    21.07.2017 at 00:14

    Сәбит ке не жетпейди. Біреун жіберді ұлымен. енді төрт қыздарымен қоса сүйіп қосқан жарын тастап. Халық алдында жүрген жандардың мәртебесі ма қаласа үйленеді, қаламаса ажыраса салады. Ортадағы балаларын ойламай ма.Ешкімнің ештеңесі кетпейді, мұнда тек зардап шегетін балалары стресс болып қалады екі жаққа жалтақтап.

    • Қолқоюсыз

      21.07.2017 at 15:49

      Біреулер тойып секіреді,біреулер тоңып секіреді деп сол Сабитке арналған

  3. Бакыт

    30.07.2017 at 14:21

    Сабит масыккан адам гой,,адеми жубаиы мен кыздарын тастап,жасарып емес картайып келе жатыр гой,ертен далада калады,окинеди

  4. Қолқоюсыз

    30.07.2017 at 23:19

    Ер адамдар ақымақтау келеді емес пе?Бүгінгі күнін ғана ойлайды ертең қартайған соң далада қалады Өмір бойы жас болып тұратындай,гүлден гүлге қонып жүре береді

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.