Үздік отандық телехикаялар

Жариялаған: , уақыты 07.07.2017 , 783 рет оқылды

Бос уақытыңызда сериал көргіңіз келеді ме? Ендеше біз сіздерге отандық үздік сериалдарды назарларыңызға ұсынамыз.

Тракторшының махаббаты

Фото: Khabar.kz

Басты рөлдерде: Кәмшат Жолдыбаева, Берік Айтжанов

Сипаттамасы: Сюжетте Белла есімді ауқатты, тәкаппар арудың жол апатына түсіп, есінен танып, кенеттен ауылда оянады. Ауыл өмірін көрмеген қыздың қызықты оқиғалары баяндалады. «Газпромның» ресейлік олигархына күйеуге шыққалы жүрген қалалық сәнқой әйел тағдыры өзгеріп, ақыры тракторшыға ғашық болады.

“Ағайынды” телехикаясы

Фото: Yvision.kz

Басты рөлдерде: Берік Айтжанов, Нұрлан Әлімжан, Әнуар Нұрпейісов

“Ағайынды” телехикаясыда көпшіліктің көңілінен шыққан телехикаялардың бірегейі. Телехикая ауылда туып-өскен  үш ағайынды туралы.

“Өгей жүрек” телехикаясы

Фото: 24.kz

Басты рөлдерде: Кәмшат Жолдыбаева, Дастен Шәкіров, Азат Сейтметов

Сипаттамасы: Бибігүл үшін бүгін маңызды күн. Сүйген жарының туған күні, әрі жолдасына көптен күткен қуанышты хабарын жеткізбекші. Алайда көңілі алаңдаулы. Күдігін сейілтпекші болып, күйеуінің жұмыс кеңсесіне барады. Бірақ ондағы көрініс Бибігүлдің бүкіл өмірін өзгертеді..

“Бәсеке” телехикаясы

Фото: Kazvip.kz

Басты рөлдерде: Олжас Абай, Бақыт Тушаев

Сипаттамасы: Мақсат пен Арман кезекті бір мерекелік іс-шарада кезігіп қалады. Екі танымал кәсіпкер арасында үлкен дау пайда болды. Кім мықты? Мұны анықтау үшін екеуі барлығын басынан бастамаққа бекінді.

Ақпараттар Khabar.kz және Kazakhtv.kz сайттарынан алынды.

 

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.