Үздік Түркия сериалдар топтамасы

Жариялаған: , уақыты 07.07.2017 , 1 459 рет оқылды

Бос уақытыңызда сериал көргіңіз келеді ме? Ендеше біз сіздерге Түркия елінің үздік сериалдарын назарларыңызға ұсынамыз.

Өшпес махаббат

Басты рөлдерде: Бурак Озчивит, Неслихан Атагүл

Көрілім бойынша Түркияда жоғары рейтинг алған сериал. Басты рөлді “Сұлтан Сүлеймен” телехикаясындағы Вали бей образымен біздің көрерменге таныс атақты актер Бурак Өзчивит ойнайды. Оның партнері жас та болса тәжірибелі, талантты Неслихан Атагүл. Басы тәтті болып басталған махаббат оқиғасының арты қатты. Қыз шарасыздықтан сүйіктісіне емес, сүйкімсізге күйеуге шықты. Іштегі дертін ғашығынан жасырды. Махаббатына жасалған қиянатқа шыдамаған жігіт кек алуды ойластырады.

Сүлейман сұлтан

Фото: Beauty-around.com

Басты рөлдерде: Халит Ергенч, Мерьем Үзерлі

Телехикая желісі: Сүлеймен сұлтан телехикаясының авторы Марал Оқайдың айтуы бойынша хикая о бастан авторлардың қиялы мен тарихи дәлелдердің бірігуінен туындаған, I Сүлейменнің өмірі жайлы әлемге аты таралған ұлы хикая еді.

Хикаяда I Сүлейменнің билігі кезіндегі тарихи жайттар мен оның Қырым хандығынан әкелінген украин күңі Хүррем сұлтанмен қарым-қатынасы көрсетіледі. Хан сарайына оны Паргалы Ибраһим паша алып келген болатын. Дегенмен өзінің билігін жүргізу мақсатында Хүррем сұлтан барлық жауларын жояды.

Үзілген жапырақтар

Фото: Imdb.com

Басты рөлдерде: Халил Эргюн, Гювен Хокна, Бенну Йылдырымлар, Дениз Чакыр, Гокче Бахадыр, Фахрие Эвджен

Телехикая сипаттамасы: Али Рыза бей бес баласына жақсы тәрбие беріп, адам қылып өсіреді. Бір әділетсіздікке көз жұмып қарай алмағаны үшін атқарған әкімдік қызметінен бас тартады. Қызы Неджла Стамбұлда университетке түседі. Содан соң отбасы Стамбұлға өздерінің ескі үйіне көшіп келеді.

Асау жүрек

Фото: Youtube.com

Басты рөлдерде: Кенан Имирзалыоғлы, Ахмет Инілмез

Асау Жүрек – режиссер Осман Синавтың атыс-шабыс жанрндағы сериалы. Сериал 1998 жылы маусымның 5 күні Show TV арнасында алғаш көрсетілді.

Қыналы қар

Фото: Flickriver

Басты рөлдерде: Эмрах, Азлем Конкер, Мустафа Авкыран, Мұрат Далтабан

Қазақ телевизиясында ең алғаш көрсетілген “Қыналы қара” телехикаясы көпшілік көрерменді бірден жаулап алды. Телетуынды 2002 жылы жарыққа шығып, бүкіл әлемге танылды. Сериалда мұғалім Әли мен ауылдың қызы Назар арасында махаббат суреттеледі, көпшілітің есінде Жаппар төре мен Қамбар ерекше есте қалды. Бұл телехикая елімізде танымалдыққа ие болып, бұл телехикаяға арналған біраз әзілдер мен анекдоттар да шыққан еді.

Ақпараттар Massaget.kz және өзге де сайттардан алынды.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.