Қызылордалық Еламан Ерғалиев “Қазақстан барысы-2017” атанды!

Жариялаған: , уақыты 02.07.2017 , 342 рет оқылды

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының президентінің жүлдесі үшін Республикалық турнир өтті. Палуандар арасындағы сайыста 22 жастағы Қызылордалық Еламан Ерғалиев “Қазақстан барысы-2017” атанды.

Финалдық жекпе-жекте Ұлан Рысқұловпен шыққан 22 жастағы палуан таза жеңіспен турнирді аяқтады. “Қазақстан барысы-2017” сайысында екінші орынды Алматы облысының атынан шыққан Ұлан Рысқұлов алса, ал үшінші орын шығысқазақстандық Айбек Нұғымаровқа бұйырды.

“Қазақстан барысы-2017” палуанына 25 000 000 теңге берілсе, ал оның бапкеріне 3 500 000 теңге берілді. Екінші орын алған Ұланға 5 500 000 теңге берілді, үшінші орын алған Айбекке 1 800 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық берілді.

 

Бір пікір

  1. Жадыра

    12.07.2017 at 09:33

    Сәттілік!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.