Сериалсүйер қыздарды өзіне ғашық етіп, біраз аруды жылатқан актердің тойы қалай өтті?

Жариялаған: , уақыты 02.07.2017 , 4 033 рет оқылды

Сериалсүйер қыздарды өзіне ғашық етіп, әлемдегі аруларды өзінің рөлі арқылы жылатқан Кемаль, яғни Бурак Озчивиттің шаңырақ көтергені туралы хабарлаған едік. 

Танымал актер белгілі актриса, өзімен бірге бірнеше кинода рөл сомдап, әріптесі болған Фахрие Эвдженнің жары атанды.

Бурак пен Фахриенің үйлену тойына 500-ге жуық қонақтар жиналған, ал неке қию рәсімін Бешикташ ауданының басшысы Мұрат Хазинедар жүргізген.

Жас жұбайлар тойда “50 оттенков серого” фильміндегі саундтрекке және әлемге әйгілі әнші “Beyonce-дің” “Crazy in love” әніне билеген.

Түркия БАҚ-тың айтуы бойынша жас жұбайлардың бал айын Грек аралында өтеді, ал актерлердің тойға кеткен шығыны шамамамен 75 000 евро болған.

Тойға “Kara sevda” фильміндегі актерлерден тек қана Угур Асланға келген, ал Неслихан Атагүлдің тойға келмеуі актерлердің бір-бірімен өмірде араласпайтыны себеп дейді БАҚ өкілдері.

 

2 пікір

  1. Қолқоюсыз

    09.07.2017 at 14:07

    Бакытты болындар

  2. Эльмира

    29.07.2017 at 11:41

    Бахыт тилем

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.