“Иванушки International” тобының экс-әншісі қайтыс болды

Жариялаған: , уақыты 29.06.2017 , 664 рет оқылды

Бүгін таңертең әнші, “Иванушки International” тобының экс-әншісі Олег Яковлев қайтыс болды. Бұл туралы әншінің сүйіктісі инстаграм желісіндегі парақшасында хабарлады.

“Бүгін сағат 7.05-те менің өмірімдегі ең басты ерім, періштем, бақытым өмірден өтті. Мен сенсіз енді қалай өмір сүремін? Самға Олег, мен сенімен әрдайым біргемін” – деп жазады әншінің сүйіктісі.

Естеріңізге салсақ Ресей БАҚ-тары “Иванушки International” тобының экс-әншісінің ауыр халде жатқанын хабарлаған еді.

Олег Яковлев “Иванушки International” тобына 1998 жылы, Игорь Сориннің орнына келген еді. 2013 жылы жеке шығармышылығымен айналысуы үшін, топтан кеткен болатын.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.