Арал теңізі жайында “Ақырғы теңіз” атты фильмнің тұсаукесері өтті

Жариялаған: , уақыты 14.06.2017 , 131 рет оқылды

Қысқа уақытта түсірілген қысқаметражды фильм! Алматыда режиссер Жаннар Шораеваның «Ақырғы теңізге» атты фильмнің тұсаукесері өтті. Сценарий бір күнде жазылып, фильмнің өзі 10 күнде түсіріліп біткен. Тартылған теңіз бен оның жағасын мекен еткен жандардың тағдыры туралы туынды алдағы уақытта көрерменге жол тартпақ. Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Мазмұны өте қарапайым болып көрінгенмен, бұл фильм өзінің шынайлылығымен көрерменді баурап алары сөзсіз . Суы тартылып, құрдымға кетіп бара жатқан Арал теңізінің жағасында Фатима өзінің он жастағы немересі Асланмен бірге тұрады. Құдайдын өзі ұмыт қалдырған осы құлазыған қу далаға, үлкен қаланың мазасыз тіршілігінен мезі болған Гауһар есімді жас қыз келеді. Осы адамдар құрғаған теңіздің жағасында тұрған кемелер сияқты екінші мүмкіндік пен қайта жаңғыруға шын көңілдерімен сенеді. Жас режиссер өзінің тырнақалды туындысында, тартылған теңіз бен оның жағасын мекен еткен адамдардың аянышты тағдырын ұштастыра білген.

Райхан Айтқожанова, актриса:

-Мен бұл сценариді  басында берген кезде бірден түсем дедім.  Өйткені сценарии   ұнады.  Бағасын өздеріңіз бере  жатасыздар. 

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.