Димаш Қытайда тағы бір жүлдеге ие болды

Жариялаған: , уақыты 14.06.2017 , 260 рет оқылды

Миллиондаған жанкүйердің жүрегінінің төрінен орын алып үлгерген талантты әнші, отандасымыз Димаш Құдайберген Қытайда өтіп жатқан «2017 MTV Global Chinese Music Awards» шарасының «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясын жеңіп алды. Бұл туралы Massaget.kz хабарлайды.

Айта кетейік, Димаш “I am singer” байқауынан кейін «Азияның ең танымал әншісі», «Халықаралық дәрежедегі танымал әнші» және «Жылдың ең танымал әншісі» жүлделерін жеңіп алған еді. Бұл – отандасымыздың Қытай еліндегі бесінші жүлдесі. Осыған дейін хабарлағанымыздай, Димаш бұл шараның «Ең үздік шетелдік танымал әнші» және «Ең танымал жаңа әнші» номинацияларына ұсынылған болатын. Шараның ресми веб-сайтында дауыс беру 22 мамырдан 10 маусым күндері аралығында болып, жеңімпаздар есімі 13 маусым күні жарияланды. Естеріңізге сала кетейік, «2017 MTV Global Chinese Music Awards» Марапаттау кеші 2 шілде күні Шэньчжэнь қаласында өтеді. Бұл Қытайдағы ең ауқымды музыкалық шара болып саналады. Шара барысында 19 жеңімпаз марапатталатын болады. Аталған шараның «Ең үздік шетелдік танымал әнші» номинациясын 2016 жылы Корея әншісі Чон Джихун (Rain) жеңіп алған еді.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.