Арай Айдархан Алматыдағы тыңдармандарымен қауышты

Жариялаған: , уақыты 09.06.2017 , 302 рет оқылды

Аспан асты елінде танылып үлгерген Қытайдағы қандасымыз Арай Айдархан Алматыдағы тыңдармандарымен жүздесті.

Арай Айдархан мен Ayree бірігіп өткізген фан-кездесуге 200-ге жуық тыңдармандар келді. Жүздесуде Арай өзінің “Әже”-деп аталатын қазақ және қытай тіліндегі үнтаспасын тыңдармандарына табыстады.

Әнші Алматыда жаңа бейнебаянын да түсіріп үлгерді, қандасымыздың жаңа туындысын жақын арада тамашалай алатын боласыздар.

Қандасымыз жақын арада тыңдармандарын қуантып, жеке концертін беретін болады.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.