Динара Сәтжан “Қазақстан” Ұлттық арнасының басшылығына келді

Жариялаған: , уақыты 09.06.2017 , 468 рет оқылды

Еліміздегі ең көрікті тележүргізушілердің бірі Динара Сәтжан “Қазақстан” Ұлттық арнасы төрағасының кеңесшісі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды Nur.kz

Бұл туралы “Қазақстан 2050 Жалпыұлттық қозғалысының” Facebook-тегі ресми парақшасында хабарланды

“Біздің қозғалыстың белсенді мүшесі, көрікті Динара Сәтжанды “Қазақстан” РТРК АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қариннің кеңесшісі қызметіне тағайындалуымен құттықтаймыз.

Сіздің кәсіби біліктілігіңізді, креативтілігіңізді ескере отырып, дәл осы арна арқылы барлық әлеуетіңізді пайдаланып, керемет жобалармен қуантады деген ойдамыз”, – делінген парақша хабарламасында.

Жұлдыздар әлемі

Авторы: Жұлдыздар әлемі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.