“Балапан” арнасының басшысы ауысты

Жариялаған: , уақыты 06.06.2017 , 1 482 рет оқылды

5 жыл бойы “Балапан” арнасының басшысы болған танымал тележеүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы қызметінен кетті. Бұл туралы экс-басшы өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында хабарлады.

“5 жыл аз ба,көп пе білмеймін, бірақ уақыт қымбат және сол уақытыңды арнаған іс қымбат. Сондықтан мен үшін “Балапанның” жөні бөлек. “Балапанды” баптау – кәдімгі кішкентай баланыкіндей күтімді қажет етеді. Оны жүрегіңмен жақсы көресің, еңбегіңді, ынта-жігеріңді арнайсың, біліммен қуаттандырасың, тамырынан алыстамауын, жаңадан қалыспауын қалайсың, тоқтатпауға, тек алға жетелеуге тырысасың… 7 жасқа жетіп қалған, “Балапанға”қарап, сүйсінетін сәттердің көп болғанына көзім жетеді. Бәріне ризашылығымды білдіремін!!! Бүгін бала күтіміне байланысты демалыста болған әріптесіме барлық жұмысты заңды түрде тапсырдым, бірақ “Балапанға” осы саланың маманы ретінде,одан бұрын АНА ретінде қашанда тілектес,жанашыр болып жүретінім ақиқат! Қазір “Балапан” рейтинг бойынша эфирлік арналардың біразынан озып тұр. Алда да осы көрсеткішін жоғалтпайтынына сенемін. Рақмет “Балапан”” – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

 

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.