“SISTAR” тобының ЕҢ СОҢҒЫ клипі шықты

Жариялаған: , уақыты 31.05.2017 , 379 рет оқылды

2010 жылы “Starship Entertainment” орталығы жетекшелік еткен “SISTAR” тобы соңғы бейнебаянын жарыққа шығарды. Бұл туралы Жұлдыздар әлемі хабарлайды.

Аталмыш топ “Lonely” атты әнге бейнебаян түсіріп, Youtube желісіне жүктеді. Бейнебаян қыздардың бірге қыдырып, бірге көңіл көтергендері туралы түсіріліген.

Топ құрамында Хёрин, Бора, Сою, Дасом есімді қыздар өнер көрсеткен болатын, Хёрин мен Сою әншілік қызметтерін әрі қарай жалғастыра береді ал Бора мен Дасом енді өздерін актерлік жақтарынан сынап көрмек.

Қыздар бүгін яғни 31-мамыр Оңтүстік Кореядағы бірнеше жобаларға қатысып, жанкүйерлерімен қоштаспақ.

Естеріңізге салсақ топ 2010-шы жылдың мамыр айында құрылған болатын, топ 7 жыл бойы тыңдармандарын әсем әндерімен қуантып келген болатын.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.