Бибігүл Төлегенова: Тілімді кесіп алсаңыздар да, Қайрат Нұртасты әнші деп есептемеймін

Жариялаған: , уақыты 31.05.2017 , 3 100 рет оқылды

КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова қазақстандық әншілер Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенді салыстырды, – деп хабарлайды Tenginews.kz тілшісі.

Айта кетейік, таяуда Желіде Бибігүл Төлегенованың “Астана” телеарнасындағы “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатының үзіндісі пайда болған еді. Видеода ол Димаш Құдайбергенді “көкке”, ал Қайрат Нұртасты “жерге” теңеген. Осы пікіріне қатысты ойын толық жеткізуін сұрағанымызда Бибігүл Төлегенова шын мәнінде екі әншіге осылай баға беретінін растады.  “Бізде Қайрат сияқтылар мыңдаған. Мен қазір 88-демін. Осы жасыма дейін осындай қаншама “құбылысты” көрдім. Ал солар қайда? Қайрат тойларда ән айтатын адам, ол жергілікті орындаушы. Қайратты бізден басқа кім таниды, сұрап көріңіздерші (…) Ал біз оны Димашпен салыстырамыз. Екеуінің арасы жер мен көктей (…) Мен Қайрат Нұртасты әнші деп есептемеймін, тілімді кесіп алсаңыздар да солай. 5 жылдан кейін Қайрат болмайды, оған қазірдің өзінде еліктеп шығып та жатыр. Себебі мұндай өнер бәрінің қолынан келеді. Ал Димашқа еліктеу өте қиын. Димаштай болу үшін нәпақа табуға тойға бармай, бала күніңнен бастап оқуың керек”, – деді Төлегенова.

Айта кетейік, осыған дейін Қайрат Нұртастың продюсері Гүлзира Айдарбекова Қайратты Мейрамбек Бесбаевпен, Төреғали Төреәлімен, Ернар Айдармен, қала берді Димаш Құдайбергенмен салыстырудың дұрыс емес екенін мәлімдеген болатын.

Осының алдында Төлегенова Димаш Құдайбергенге I Am a Singer байқауы финалында жеңіске жетуін тілеп, батасын берген болатын. Айта кетейік, байқауда қазақстандық әнші екінші орын алды.

Еске салайық, Бибігүл Төлегенова 2014 жылы да Қайрат Нұртасты дарынсыздығы үшін сынап, қазіргі эстрадада сол сияқты “біркүндік жұлдыздардың” толып кеткенін айтқан болатын. Ал кейін Қайрат Нұртас Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берген еді.

Дереккөз: Tengrinews.kz

3 пікір

  1. Жансая

    13.06.2017 at 16:53

    Апам есінен адаса бастаптығой. Бұл кісіден мұншалықты жер болып сөйлейді деп күтпеппін. Димашты енді шығар көтермелеп көзге іліп жатқандарыңыз. Ондада қытай арқылы. Қытайдың бір пайдасы тиген жері болдығой. Не деседе халық Қайраттың жағында жəне біз көп екенімізді ұмытпаңыздар. Сіздер біз болмасақ ешкімді емессіздер. Сіздерді өсіретінде өшіретінде халық.

  2. Азамат

    15.06.2017 at 12:45

    Бибігүл Төлегенова апамыз алжыпты. Журналист Д. А Қонаев ағамыздан уақтында ізіңізден ерген інілеріңізге баға беріңізші дегенде: “Ала қойды бөлек қырққан жүнге жарымайды”, бәрі жақсы болды-деген, еді. Бірімізді біріміз батыр-деп, елдің ерекше туған Қайрат Нұртас сияқты ұлын біз көтермелемесек кім боламыз? Апамыз Қайратты жерге теңеп, өзінің жер болғанын сезбей де қалған сияқты… Жалпы алжыған апамыздан, алжыған пікір алып жүрген журналисттер де оңбас. Қайрат Нұртас мың жаса! Өнерің өрге жүзе берсін! Сағың дұшпандардың сөзіне ешқашан сынбасын! Сен қазақтың жарық жұлдызысын!

  3. белгисиз

    15.09.2017 at 18:28

    Осы апамызда жатпайды екен арага от салып Кайратты бир адам анши деп санамайды екен деп халык одан ешкашан терис айналмайды сондай Димашты анши санаса кытайга бармай турып санау керек еди уят болды негизи

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.