Жазира Байырбекова: Қайратты бір-ақ күнде жер қыла салғаны несі?!

Жариялаған: , уақыты 31.05.2017 , 1 880 рет оқылды

КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова қазақстандық әншілер Қайрат Нұртас пен Димаш Құдайбергенді салыстырып, бірін көкке көтеріп ал екеншісін жерге теңеген болатын. 

Халық әртісінің пікірін бірі қолдаса, ал кейбіреулері дұрыс айтпады деп есептейді. Ал танымал әнші Жазира Байырбекова өзінің инстаграм желісіндегі парақшасында өз пікірін білдірді.

“Неге осы біреуді мақтау керек болса біреуді жамандауға жанымыз құмар,а?! Қанша жылдан бері еңбектеніп,көпшіліктің сүйіктісіне айналып келе жатқан Қайратты бір-ақ күнде жер қыла салғаны несі?! Қайратқа Димаштай болу,Димашқа Қайраттай болу міндетті емес.Әр әншінің өз стилі,өз жолы бар.
Эстрада әншісі,классикалық әнші,дәстүрлі әнші,джаз әншісі сияқты әншілер түр-түрге бөлінеді.Музыкалық аспаптар сияқты әр әншіден әртүрлі үн тыңдауға болады.
“Қобыздың үні ұнап тұр” деп,домбыраны лақтырып сындырып тастауға дайынбыз ау…
Димашқа да оның өнердегі ағасы Қайратқа да шығармашылық табыстар тілейік!” – дейді әнші.

2 пікір

  1. Қолқоюсыз

    01.06.2017 at 10:30

    Канша Адам болса сонша пикир бар

  2. белгисиз

    15.09.2017 at 18:24

    Жок осы казак балдарын бир биримен жау кылып бир бирине айдап салганда бирдене болама осы. Онсызда олар арен жур. Арине аркимнин оз орны бар онерде. Димаш болмаган кезде Кайрат болган сондыктан екеуинин арасын жермен кокке тенеудин кажети жок кимнин жер кимнин кок екенин тындармандары шешет. Кайрат мен Димаштан астым немесе Димаш Кайраттан астым деп жаткан жокко уп улкен боп алып болашак жастардын арасына от салып уялсандар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.