Сот Мессиді 21 айға түрмеге қамау туралы үкім шығарды

Жариялаған: , уақыты 25.05.2017 , 395 рет оқылды

Испанияның Жоғарғы соты Аргентина құрамасы мен испаниялық “Барселона” клубының 29 жастағы шабуылшысы Лионель Мессиге айыптау үкімін шығарды. Бұл туралы Football Espana Twitter парақшасы жазды.

Сот Мессиді 21 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды. Испан заңнамасына сәйкес, екі жылға жетпейтін мерзім шартты жазаға ауыстырылуы мүмкін. Сондықтан футболшы жазасын түрмеде өтеуге міндетті емес.

Еске салайық, футболшы мен оның әкесі Хорхе өткен жылдың маусымында 2007, 2008, 2009 жылдары 4,1 миллион еуро салықты жасырды деп айыпталған еді. Бұл қаражатты футболшы өз имиджін қолданғаны үшін алған. Сондай-ақ, кейбір БАҚ-тардың мәліметінше, Месси 2,1 миллион еуро сомасында айыппұл төлеуі тиіс. Ал футболшының әкесінің жазасы 21 айдан 15 айға дейін қысқарды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Жұлдыздар әлемі

Авторы: Жұлдыздар әлемі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.