Youtube-та ең көп қаралым жинаған үздік 5 клип

Жариялаған: , уақыты 10.05.2017 , 607 рет оқылды

Қазіргі таңда тек қана шетелдің бейнебаяндары ғана емес, отандық бейнебаяндар да “Youtube” желісінде бірнеше миллионнан аса қаралым бар көптеген бейнетуындылар бар.Назарларыңызға ең көп қаралым жинаған үздік 5 клипті ұсынамыз!

Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмахан – Алло

Көшті былтыр хитке айналған Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның “Алло” клипі бастап тұр. Бейнебаян осы уақытқа дейін 19 495 015 қаралған екен.

Асхат Тарғынов – Мария арман едің

Той әндерін тыңдамаймыз деп жатамыз дегенмен де тойда хитке айналған “Чип, Чип” немесе “Мария Магдалена” деп аталып кеткен “Мария арман едің” бейнебаянын қазіргі таңда “Youtube” желісінде 17 120 566 рет қаралған.

Серікбол Сайлаубек – Ой жеңге

Танымал әнші Серікбол Сайлаубектің төлқұжатына айналған “Ой жеңге” бейнебаянын осы уақытқа дейін 11 000 914 рет қаралған екен.

Қайрат Нұртас – Байқа

Шыққанына 1 жыл ғана болған Қайрат Нұртастың “Байқа” атты клипі 9 548 664 рет тамашаланған екен.

Абай Бегей мен Берік – Аспанға қараймын

Аспанға қарап, жұлдызды санап жүрген Абай Бегейдің бейнебаянын тамашалаушылар саны 9 440 950.

Жұлдыздар әлемі

Авторы: Жұлдыздар әлемі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.