Димаш Қытайда өткен Power Rangers фильмінің тұсаукесеріне қатысты

Жариялаған: , уақыты 10.05.2017 , 320 рет оқылды

Қытайда өткен “Singer” жобасында ерекше өнерімен жұртшылықтың жүрегін жаулап алған отандасымыз, талантты әнші Димаш Құдайберген кеше Бейжің қаласында “Power Rangers” фильмінің премьерасына қатысты, – деп хабарлайды “Massaget” порталы.

Димаш осы фильмнің саундтрегін орындаған еді.

“Power Rangers” Американың Lions Gate Entertainment және Қытайдың TIK Films компаниялары бірлесіп түсірген кино. Киноның алғашқы көрсетілімі 24 наурыз күні Америкада және Тайваньда өтті. Қытайда прокатқа 12 мамыр күні шығады деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, ол бұл айда Қытайда өтетін бірнеше бағдарламаға түседі. Туған қаласы Ақтөбеде Димаш атындағы бақ ашылды. Қытай елшілігі құрмет грамотасымен марапаттады. Сонымен бірге ол Париждегі “Global Gift Gala” гала-кешіне қатысады.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.