Димаштың әні Қытайда “Жылдың үздік әні” деп танылды

Жариялаған: , уақыты 22.04.2017 , 914 рет оқылды

Димаш Құдайбергенов орындаған “Battle of memories” фильмінің саундтрегі Қытайда “Жылдың үздік әні” деп танылды. Сүйінші жаңалықты әншінің менеджері, әрі досы Алпамыс Шәрімов хабарлады.

“Сүйінші!!! Осымен үшінші жүлде!!! Қытайдың номері бірінші телеарнасы CCTV Димаштың орындауындағы “Battle of memories” әнін жылдың үздік әні деп танып “Top Global Chinese Music” жүлдесін әншіге табыстады!!! Қуанышымызда шек жоқ!!! Еңбекпен келген әр өнім бағаланса бақыт қой!” – деп жазады Алпамыс.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.