Дүниежүзі халықтарының Димаш жайында пікірі! - Жұлдыздар Әлемі

Дүниежүзі халықтарының Димаш жайында пікірі!

Жариялаған: , уақыты 22.04.2017 , 4  898 рет оқылды

Димаш Құдайбергеновтің Қытайда көрсеткен өнері тек Шығыс Азияны ғана емес, Еуропа мен мұхиттың арғы жағындағы елдерді де бей-жай қалдырмаған секілді. Еуропалықтар, америкалықтар мен латынамерикалықтардың Димаштың өнеріне деген таңданысын “Елана” сайты қазақша аударған екен. Бұны біздің де оқырманымыз да оқыса екен ниетпен сайтқа орналастырдық. 

Жонатан Мальнури (Франция):

«Кемеліне келген керемет дауыс! Дыбыстарды дәл айтуда жіберген кейбір кемшіліктері кешірімді. Кеуде түкпірінен шығатын үн мен регистрді тамаша пайдаланады екен. Ғажап!»

Робин Уильямсон (АҚШ):

«Мен мына жігіттің кім екенін де, мұның қандай шоу екенін де білмеймін. Білетінім: әншінің диапазоны сұмдық! Және осы сұмдық диапазонды ол қалай әуелетеді десеңші! Феномен!»

Кармен Фернандес Ансуатеги (Испания):

«Дауыс… жүректерді жақындататын ең күшті құрал. Мынадай кең диапазон қалай жақындатпасын…»

Изабель Шоффетон (Франция):

«Мен бұл видеоны төрт рет көріп шықтым. Сірә, Даниэль Балавуан жұмақта өз әнін мынадай баланың шырқағанына разы боп жатқан шығар. Мына әнші, сөз жоқ, гений. Нағыз гений! Рас, кей сөздерді дұрыс айтпады, бірақ, онда тұрған не бар, бастысы – эмоция шынайы және күшті!»

Кристин Орбст (Германия):

«Мәссаған, мына жігіттің көмейінде тенор мен сопраноның арасындағы, ерге тән дауыс пен әйелге тән үн арасындағы бүкіл дыбыстар гаммасы түгел жүр ғой! Тұла бойым тітіркеніп кетті».

Сильвания Байландо (Италия):

«Сирек кездесер айрықша дауыс екен. Кімде-кім мына әншінің аты-жөнін білсе, маған айтсыншы».

Иан Стюарт (Ұлыбритания):

«Құдайым-ау, қандай ғажап! Қайта-қайта тыңдап отырмын. Осындай да дауыс болуы мүмкін бе? «Мүмкін» дейтін шектен де шығып кеткен диапазон ғой мынау! Жаратқанның өзі берген дарын. Қуанышым кеудеме сыяр емес. Видеоны бөліскендеріңізге рахмет».

Марсия Никайдо (Бразилия):

«Бұл сайыс емес шығар деп үміттенемін. Егер сайыс болса, онда басқа қатысушыларға жасалған әділетсіздік бұл. Мұнымен жарысуға кімнің шамасы келеді? Құдды бір әншінің ішінде үш әнші тұрған сияқты. Ғажап!»

Туула Хастбакка (Финляндия):

«Адам сенгісіз регистр, тұнық та кең дауыс, керемет интерпретация. Мықты әнші екен!»

Агнес Дани де Бос (Бельгия):

«Қандай күшті дауыс… Құдайдың берген сыйы ғой… Жылап отырмын, көзімнің жасын тыя алар емеспін… керемет… керемет… керемет…»

Виктория Мортенсен (Дания):

«Қандай талант, қандай әнші! Ризамын! Кәсіби тұрғыдан өсе беруіне, кемелдене беруіне тілектеспін! Бәрі жақсы болсын!»

Кристина Дельмендо (АҚШ):

«Күлсеңіздер, күле беріңіздер, бірақ, мен әннің бір сөзін де түсінген жоқпын, есесіне, дауыс қандай тамаша! Тыңдап отырып, көзімді жұмып едім, көңілім босап кетті. Көз жасым бетіммен тарам-тарам боп ағып жатыр. Тілдік кедергі бар болса да, музыка жүректерді біріктіріп, оларды мейірім мен бейбітшілікке үндей алады!»

Эса Сейтту (Швеция):

«Менің бұл әнді тыңдап отырғаныма бірнеше сағат болды, тіпті, тоқтай алар емеспін. Әннің не туралы екенін де білмеймін. Мынау – адамның емес, періштенің даусы. Музыка арқылы соғысты тоқтатуға бола ма? Иә, мына жігіт тоқтата алады. Мен әлемнің жеті кереметі туралы естігем, бірақ, мына әншінің ғажайыбы бәрінен асып түсетін сияқты. Мынадай дауысты жаратқан Құдайға енді сенбесіме амал жоқ!»

Тоқтар Рақымжанұлы

8 пікір

  1. Бақытжан

    22.04.2017 at 21:45

    Димаш жарайсың, қазақтың мақтанышы. Тек қана алға!

    • Қолқоюсыз

      22.12.2018 at 22:09

      Тіл көзден сақтасын!!!

    • АЙША

      03.01.2019 at 12:07

      əлем жұртшылығы керемет баға берып жатыр жарайсың-Димаш!Ал быздегы өнерден хабары жоқ Ринат сияқтылар оқып уялса екен,керытартпа,ышы тар,осындай адамдардан. сухбат алып,оны əлем қалқы оқиды демей жария еткен ана журналисты жумысына қуу керек,Кристина деген кішкентай қыз керемет талдау жасап əндерін,жалғыз өзі быр.хор айтып турғандай деп баға беріп тур,қоймаса АРТЫҚ СӨЗІН жанкуйерлер сотқа беру керек Ринатты

      • Қолқоюсыз

        04.02.2019 at 22:40

        Иə.Ұят-ай…өз еліміздегі əнші-жюрилердің сауаты жоқ екенін өздері дəлелдеді.Өнерден хабары жоқ білімсіз жюрилер Димаштың дауысының ерекшелігін байқамаған. Ұят-ай! Осы білімсіздерден біз қарапайым халық қызырып ұялатын болдық.Фанерщиктер тағы қаптап кетті сахнаны .олардың беті қалың .аузын жыбырлатып ақша жинап жүр.қалай тамағынан өтеді екен….

  2. Алия

    22.04.2017 at 21:45

    Димаш большой молодец, гордость Казахстана!

  3. Асыл

    22.04.2017 at 21:46

    Димаш сен қазақтың мақтанышысың. Тіл көзден аман бол!

  4. Күмісай

    23.12.2018 at 08:22

    Димаш ерекше бала аман болсын дүниеге бұндай бала күнде келмейді

  5. Едик

    19.02.2019 at 03:01

    Біздегі жюри сымақтардың 95% понограмамен өлең айтататын дар,ит жоқ жер де шошқа үреді дейтін әнші шымақтар.өзбекстан құсатып 500 доллардан артық алмайсың,және әннің сөзіне әуеніне мән беріп,түсірген клиптерін тексерсе,лицензия берілсін,сонда сапаасыз әншілерден арыламыз.Димаш елге келмегені дұрыс сыртта жүре берсін,Абай мен Біржанды сабақан,Ахмет,Мағжандарды аттырқан,Мұстафа,Бекзаттарды көре алмай қолдан өлтірген мына надан топыр ит құсап балақтан тартып жүрер.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.