Баян Мақсатқызы өзін сынағандарға жауап берді

Жариялаған: , уақыты 20.04.2017 , 1 007 рет оқылды

Баян Есентаева өзіне сын таққан журналист Арман Сқабылұлына жауап берді. Есентаева өзінің есімін пайдалану арқылы журналисттің танымалдылыққа қол жеткізгісі келетінін айтты

“Қазақтың ер азаматына опасыздық жасауға болмайды, ол қылмыс! Ерлерімізді сабасына түсіру үшін өлім жазасын енгізуді ұсынамын. Ерлеріміз әрі қарай да: «Біз әлемдегі ең мықты еркектерміз! Біздің әйелдеріміз ең бақытты жандар! Оларға қамсыз өмір сыйладық! Біз ерекше болғандықтан, әйелдерімізді құрметтейміз!», – деген ұранмен кеуделерін соқсын. Француздарда «әйелің көзіңе шөп салса, оған кінәлі өзің» деген мақал бар. Бірақ олар француздар ғой, ал біздікілерге ешқандай жағдайда опасыздық жасауға болмайды. Себебі олар ерекше.

Құрметті, Арман аға! Қателеспесем, бұл сіздің маған жазған алғашқы хатыңыз емес, бұрын сізге шығармашылығым ұнамайтын. Ал енді жеке өмірім…

Меніңше, сіз ел мойындамаған кемеңгерсіз. Халық сіздің талантыңызды қабылдай алмай жатыр, бәлкім талант сізде жоқ та шығар? Сол себепті менің есімімді пайдалана отырып, ел назарын аударуға мәжбүр шығарсыз. Елімізде мұндай осал, әрі өз-өздеріне сенімсіз қанша еркек бар? Менмендіктеріңіз ақылдарыңыздан биік тұрғандықтан, сіздер әйелден қиянат көруге қорқасыздар, өкінішке қарай”, – дейді Баян Мақсатқызы.

Естеріңізге сала кетейік, Баян Есентаева отандық басылымдардың біріне сұхбат беріп, жеке өмірі жайында ашық айтқан еді. Ол бұрынғы күйеуінің көзіне шөп салғанын тағы да бір рет мойындап, Тұрсынғали Алагөзовке ғашық болып қалғанын мәлімдеді.

Ал, журналист Арман Сқабылұлы күйеуіне опасыздық жасағанын ашық түрде жария еткені үшін продюсерді сынаған болатын.

Дереккөз: baistars.kz

Жұлдыздар әлемі

Авторы: Жұлдыздар әлемі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.