HunanTV басшысы: Димашқа тәнті болдық

Жариялаған: , уақыты 16.04.2017 , 509 рет оқылды

HUNAN TV  телеарнасының бас директоры Люй Хуанбин  мырза «Singer-2017» байқауының финалын тамашалау үшін Қытайға келген ресми қазақстандық делегацияны қабылдады. Арна басшысы Димаш Құдайбергеновтың талантына тәнті болған. Бұл туралы Қазақпарат хабарлайды.

Вице-министр Ақтоты Райымқұловамен әңгімелесу барысында Люй Хуанбин қазақстандық өнердің әлеуетіне өте жоғары баға берді. “Біздің байқауда Димаш Құдайбергеновтің сәтті өнер көрсетуі қазақстандық әншілік өнердің жоғары деңгейін көрсетеді. Біз оның дарынына тәнті болдық”, – деді ол.

Димашты қолдау үшін келген қазақстандық делегация құрамында Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Айман Мұсақожаева, “Астана опера” театрының директоры Ғалым Ахмедияров, Асхат Маемиров, Димаштың ата-анасы – Қанат пен Светлана Айбаевтар бар. Делегацияға Қытайдағы ҚР Елшісі Шахрат Нұрышев те қосылды.

Еске салсақ, кеше қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенов «Singer 2017» байқауының финалында екінші орын алды. Финалда Димаш пен қытайлық әнші Шан Вэньцзе Майкл Джексонның The Way You Make Me Feel, Erth song, Billie Jean және Dangerous әндерін орындады.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.