“Алашұлы” тобының құрамы өзгерді

Жариялаған: , уақыты 03.03.2017 , 549 рет оқылды

Патриоттық бағыттағы топтардың бірі, елімізге белгілі “Алашұлы” тобының құрамы өзгерді. Бұл туралы “Жұлдыздар әлемі” порталы хабарлайды.

Топтан Ұшқын Жамалбек кетіп, оның орнына 21 жастағы Ерзат Рамазанов есімді әнші қосылған. Ұшқын Жамалбек жеке шығармашылығымен айналысу үшін топтан кеткен, Ұшқын топта 8 жыл бойы өнер көрсеткен.

Естеріңізге сала кетейік, “Алашұлы” тобы 2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының қабырғасында құрылған болатын.

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.