Баян Мақсатқызы “Қазақ аруы-2017” байқауына кастинг жариялады

Жариялаған: , уақыты 25.01.2017 , 1 130 рет оқылды

Фото: Kazpravda.kz

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы “Қазақ аруы-2017” Ұлттық сұлулар байқауына кастинг жариялады.

“Арулар, асыл жандар! Егер сіз тән сұлулығы мен жан сұлулығын, тәлім мен тәрбиені, білім мен біліктілікті ту еткен “Қазақ аруы” байқауына қатысамын, бабым мен бағымды сынаймын десеңіз, 3-4 АҚПАН күндері, Алматы қаласы, СӘТПАЕВ көшесі, 27А, “The John’s pub” ғимаратына 12:00-ден 18:00-ге дейін келіңіз!
Жалпыға бірдей талаптар: қазақ тілін жетік меңгеру, көрікті әрі келбетті, ақылды әрі дарынды болу, бой 170 см-ден жоғары, салмақ 53 кг-нан төмен. Егер осы сипаттамаға сай болсаңыз, іске сәт! Байқау ұйымдастырушылары мен алтын тәж сізді күтуде!” – деп инстаграм желісіндегі парақшасына жариялады.

Арулар, асыл жандар! Егер сіз тән сұлулығы мен жан сұлулығын, тәлім мен тәрбиені, білім мен біліктілікті ту еткен “Қазақ аруы” байқауына қатысамын, бабым мен бағымды сынаймын десеңіз, 3-4 АҚПАН күндері, Алматы қаласы, СӘТПАЕВ көшесі, 27А, “The John’s pub” ғимаратына 12:00-ден 18:00-ге дейін келіңіз! Жалпыға бірдей талаптар: қазақ тілін жетік меңгеру, көрікті әрі келбетті, ақылды әрі дарынды болу, бой 170 см-ден жоғары, салмақ 53 кг-нан төмен. Егер осы сипаттамаға сай болсаңыз, іске сәт! Байқау ұйымдастырушылары мен алтын тәж сізді күтуде!

Фото опубликовано Bayan Maxatkyzy (@bayanmaxatkyzy)


Кастингтен құр қалма қазақтың сұлу аруы!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.