Баян Есентаева ресми түрде ажырасты

Жариялаған: , уақыты 23.01.2017 , 1 395 рет оқылды

Танымал продюсер Баян Есентаева Бақытбек Есентаевпен ресми түрде ажырасты деп мәлімдеді Tengrinews.kz.

“2016 жылдың 22 тамызында Медеу ауданының соты Баян Есентаеваның арызын қанағаттандырды. Бақытбек Есентаев және Баян Есентаева ресми түрде ажырасты”,-деп мәлімдеді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

10 маусым күні продюсер пышақ жарақатымен ауруханаға түскен еді. Баян Есентаеваға бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев күш қолданған болуы мүмкін. Бақытбек Есентаев тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды. Бірақ, ол сотта өз айыбын мойындамады.

Бұған дейін Баян Есентаева алматылық кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовке тұрмысқа шығады деген ақпарат тараған еді.

Дереккөз: Baistars.kz

Жұлдыздар әлемі

Авторы: Жұлдыздар әлемі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.