“Muzart live” жеңімпаздары анықталды!

Жариялаған: , уақыты 19.12.2016 , 1 539 рет оқылды

Бірнеше айдан бері көпшілік тағатсыздана күтетін “Muzart live” жобасы бүгін өз мәресіне жетті деп хабарлайды Juldyz-alem.kz.

Жобаға қатысқан 60 қатысушының ішінен 8-ғана қатысушы финалға өткен болатын, бүгін көрермендер бір орындаушыны, Музарттық әншілер бір-бірден үш орындаушыны таңдады.

Көрермендер Серікболсын Кішкенбаев есімді орындаушыны таңдаса, топқа лайық деп Кенжебек Жанәбілов, Нұрхат Сегізбаевты таңдады, ал Мейрамбек Бесбаев Азиз Балтабекұлын таңдаса, Сәкен Майғазиев көп ойлана келе Сұлтан Ахметті таңдады.

Осы 4 орындаушы “Музарт” тобының ізбасарлары болмақ, жаңа жұлдыздарға сәттілік тілейміз!

Жұлдыздар әлемі

Авторы: Жұлдыздар әлемі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.