Қызылордалық ару “Қазақстан аруы-2016” байқауының жеңімпазы атанды!

Жариялаған: , уақыты 11.12.2016 , 561 рет оқылды

Фото: Nur.kz

Бүгін Астанада “Қазақстан аруы-2016” байқауы өз мәресіне жетті. Жиырмасыншы рет болып отырған мерейтойлық байқауда “Қазақстан аруы – 2016” болып Гүлбану Әзімханова танылды. Оған арнайы тәж бен 5 илн теңге көлеміндегі сыйақы бұйырды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Жеңетінімен қатты сендім. Барлық қазақстандықтарға айтар алғысы шексіз. Сыйақының жартысын балалар үйіне,  қалған бөлігін ата-анама беретін шығармын”, – деді Гүлбану.

Қазақстан аруы қазақстандықтардың өзі онлайн түрде және хабарлама арқылы дауыс берудің көмегімен таңдады. Енді жеңімпаз “Әлем аруы-2017” байқауында Қазақстанның мүддесін қорғайтын болады.

Бірінші вице-мисс болып Елназ Нұрсейітова, екінші вице-мисс – Жанар Найманбаева, ал үшінші вице-мисс болып Өскемен сұлуы Анастасия Усольцева таңдалды.

Үздік сегіздікке кіргендер:

1. Айткүл Нұрманова – Қостанай, 19 жас

2. Анастасия Усольцева – Өскемен, 19 жас

3. Аруна Сағатбекова – Талдықорған, 16 жас

4. Гүлбану Әзімханова – Қызылорда, 18 жас

5. Гүлжан Даулетова – Алматы, 19 жас

6. Елназ Нұрсейітова – Астана, 18 жас

7. Жанар Найманбаева – Көкшетау, 22 жас

8. Қымбат Бертай – Тараз, 21 жас

Бұл жолғы мерейтойлық байқау бұрынғыдан өзгерек болды.

Кеште әрбір қатысушысы қазақ қызының образына енді.

Саханада қазақ даласындағы әйгілі қазақ қыздары Дина Нұрпейісова, Әлия Молдағұлова, Күләш Байсейітова, Роза Бағланова мен Мәншүк Мәметовалар бой көрсетті. Бұл образдарды көргенде көререндер көз жастарын жасыра алмады.

Қазақстан аруы байқауында бірінші рет жаңа форматта өнер көрсету орын алды. Олар домбырада ойнап, би билеп, ән айтты.

Кешті Динара Сәтжан мен “Астана опера” театрының әншісі Сүндет Байғожин жүргізді.

Дереккөз: Nur.kz

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.