Нұрлан Албан тегін өнер мектебін ашты

Жариялаған: , уақыты 13.10.2016 , 1 630 рет оқылды

Алматы қаласындағы оқушылар сарайында әнші Нұрлан Албанның 20 жылдық шығармашылығына орай “Nurlan Alban”-атты өнер студиясы ашылды деп хабарлайды Bnews.kz

Жаңа мектеп студиясының мақсаты – 7 мен 15 жас аралығындағы балаларды вокалға, актер шеберлігіне, тележүргізушілікке үйретіп, баулу.

Нұрлан Албанның мектеп студиясындағы балалар тегін оқи алады, студиядағы алғашқы 50 бала жағдайы төмен және көпбалалы отбасыларындағы балалар. Студиядағы балалар арнайы кастингтен 1 ай бойы қатаң іріктеуден өткен.

Мектеп студиясында балалар толықтай 3 жыл бойы оқып шығады, өнерпаздарға Нұрлан Албан және өзге де жас әрі кәсіби мамандар сабақ беретін болады.

Нұрлан Албан: Әрбір бала талантты, 3 баланың әкесі ретінде баланың талантын ашу қаншалықты маңызды екенін жақсы білемін. 20 жылдық шығармашылығына не істеуіме болады деп ойлана келе осындай мектеп ашуды жоспарладым. Қазір осындай мектептерде балаларды оқыту қиынға түсіп жатқан жасырын емес осы себептен мектеп студиямды аштым. Осы 50 баланың ішіндегі 20 бала үлкен сахнаға шықса демек мен 20 жылдық шығармашылығымды дұрыс атап өткенім.

6 пікір

  1. Алтын

    21.11.2016 at 09:04

    Салематсызба.Нұрлан сізге қалай хабарлассам болады

    • Акнар

      15.07.2017 at 15:45

      Телефон номерін таптыңызба.Тапсаңыз маган жиберіңізші өтінем

  2. Алтын

    21.11.2016 at 09:06

    Салематсызба.Нұрлан сізге хабарлассам болады? Мектеп жөнінде білсем деп едім

  3. Рахимжан Аяулым

    23.11.2016 at 18:59

    Сəлеметсізбе мен өзім музыка мектебіндегі домбыра сыныбында оқимын.Сіздің мектебіңізге барып оқығым келеді.Қазір мектепке қабылдайсыздарма? Жасым 10да домбырада 3-ші сыныппын мектепте 5-ші сыныппын Талғар қаласында тұрамын.

  4. Болат

    13.08.2017 at 19:45

    Бәрі өнер мектебін ашып жатыр. Айналдырған 10 млн қазақтың жартысы сахнада, тойларда ән айтып жүр. Бұл не, тағы бір келген індет пе! Кадрлар жетіспейді. Жұмысты кім істейді, экономиканы кім көтереді!

  5. Талгатбек Каусар

    29.09.2018 at 22:12

    Салеметсизба Нұрлан ага сиздын мектеп ке калай туссек болады

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.