Алтынбек Қоразбаев “Ninety One” тобын қолдайды

Жариялаған: , уақыты 27.09.2016 , 2 282 рет оқылды

Көрерменнің әбден мезісін қашырған топқа тоқталмасқа амал жоқ. Бұған дейін, ел ағаларынан бастап, тек наразылық естіген топтың нағыз жанашыры пайда болған. Алтынбек Қоразбаев жұрт жек көретін топты жақтап жүр. Ал шәкірттері көкелерінің бұл әрекетін түсінер емес. 

– Сырға тағу несі бар. Сырға тақса кезінде біздің батырларымыз да сырға таққан. Менің мына оң құлағым тесік мінеки. Кішкентай кезінде менің өзім әпкем, туған әпкем, мені ұзақ жасасын. Мен ең кенжесімін. Сырға таққан маған. Мен ол сырғаны төртінші сыныпқа келгенде алып тастадым. Ештеңе жоқ. Сен мынаны құрт, мынаны жоқ қылып жібер деген нәрсе ол болмайды. Айтсын. Еуропадан үйлесіп. Қалып қоюға болмайды еш уақытта. Айтып отырмын ғой, өмір өзен енді ағып отырған. Өмір өзенннен қалып қоймай бірге ағу керек – дейді атақты композитор.

“Инсталайық” бағдарламасы

4 пікір

  1. Жандос

    28.09.2016 at 07:09

    Алтекең алжасайын деген екен. Азғындау Алтынбектерден басталған екен ғой.

    • айдана

      02.10.2016 at 08:39

      Жандос мырза сіз қателесіп отырсыз. Азғындар ninety one тобы емес. Сырға тағып шашын бойаса азғын болады ма? Дауыстары жақсы аитатын әндері де жақсы біз оларды жамандамай керісінше жақтауымыз керек. Ninety one тобы қазақ тілін әлемдік деңгейге шығарды. Соның арқасында Еуропа халықтары қазақ тілін меңгеріп келе жатыр. Біз біреуді жамандамай тұрып оның жақсы қасиеттерін еске алуымыз керек. Жандос мырза егер бір адам келіп сізді жаман азғын деп айтса көңіліңізге қалай тиеді өте ауыр тиеді. Оларға да ауыр тиеді. Сахнаның жолы ауыр. Сондықтан біреуді жаман азғын деп айту ол қате пікір. Біз оларды жаман деп айтатындай жаманшылықтарын көрген жоқпыз. Ninety one тобы тек қана алға.

      • Қарлығаш

        20.10.2016 at 23:43

        Өте дұрыс айттыңыз! Тоқсан бір тобының жасағаны жаңалық емес. Олар тек шындықты көрсетіп жатыр. Егер сол үшін оларды айыптау дұрыс деп санасақ, онда біздің-жастардың қалауын бере алар адам қалмас қазақ шоу-бизнесінде. Кезінде Анатолий Цой да қазақ жерінде мойындалмай кетіп еді. Дегенмен қазіргі таңда ол Ресейде танымал. Сол секілді жас таланттарымызды өзіміз қуып жібергеніміз өте өкінішті,әрине. Енді сол қателігімізді қайталамасақ екен деген тілегім бар)

  2. Қарлығаш

    20.10.2016 at 23:45

    Қандай жағдай болмасын, не айтылмасын, бәрібір біз 91 NINETY ONE тобын қолдаймыз!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.