“Түнгі студияға” Eurovision жеңімпазы қонаққа келеді

Жариялаған: , уақыты 06.03.2015 , 402 рет оқылды

3975069300449

“Eurovision-2011” байқауын жеңіп алған Әзербайжандық Эльдар Гасымов “Түнгі студия” бағдарламасына қонаққа келмек. Бұл туралы “Жұлдыздар әлемі” порталына берген сұхбатында Нұрлан Қоянбаев мәлімдеді. 

Біз “Көрермендерге шекараны ашу” идеясын жүзе асырып жатырмыз. Мәдени салада өз қазанымызда қайнай бермей, әлемдік мәдениетпен де байланысқа түсу қажет. Ал түркі елдерімен тығыз байланыс орнату бізге керекті дүние. Мемлекетіміздің саясаты да осы. Соның мысалы ретінде “Eurovision-2011” байқауын жеңіп алған Әзербайжандық Эльдар Гасымов “Түнгі студия” бағдарламасына қонаққа келетін болады. Жақында ғана бағдарлама қонағы болуға келісімін берді” – дейді Нұрлан Қоянбаев.

Көрермендерге алдын ала айта кетсек, ашылғалы бері көрермендердің көзайымына айналып, еліміздегі және шетелдік жұлдыздармен әңгіме жүргізетін “Түнгі студия” бағдарламасы туралы Нұрлан Қоянбаев жақын арада “Жұлдыздар әлемі” порталында кеңірек әңгімелеп беретін болады.