Тараздықтар өз аруын таңдады (фото)

Жариялаған: , уақыты 26.09.2016 , 1 024 рет оқылды

Таразда “Тараз аруы-2016” байқауының жеңімпазы анықталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Биыл “Fabus” модельдік агенттігі мен “Балғын” компаниясының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға 16 мен 18 жас аралығындағы 17 қыз қатысты. Айта кетейік, қатысушылардың барлығы Тараз қаласының тумасы.

Шамамен 80 қатысушы қатысқан жобаның кастингінде қазылар байқаудың финалына ең сұлу қыздарды таңдады. Байқау 4 кезеңнен тұрды: өзін-өзі таныстыру, ортақ би, дарындар байқауы және қалыңдық көйлегін киіп, сахнада жүру. Қазылар үш аталым бойынша 7 жеңімпазды таңдады.

Қазылардың шешімімен “Тараз аруы-2016” байқауының жеңімпазы 18 жастағы Қымбат Бертай, ІІ вице ару – Ләззат Исаева атанса, ІІІ вице ару – Наргиз Лиспекова атанды.

4028c56840d83708e6622a8e79b39a90

Айта кетейік, Қымбат Бертай осыған дейін “Тараз аруы-2015” байқауына қатысқан. Бірақ жеңімпаз атанбаған екен.

“Мен 15 жасымнан бастап сұлулық байқауларына қатысып жүрмін. Былтыр мен дайын болмадым, сондықтан да өз-өзімді көрсете алмадым. Содан мен “Тараз аруы-2016” байқауына бар күшімді салдым. Қазылар да мұны атап өтті. Бұл жеңіс мені әрі қарай ынталандырады, “Қазақстан аруы” байқауына қатысуға күш-жігер береді”, – деді Қымбат Бертай.

Айта кетейік, байқаудың жеңімпазына бас сыйлық ретінде “Қазақстан аруы-2016” байқауына жолдама берілді.

Суреттер Асылбек Имандосовтікі

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.