Қазан айында еліміздің кинотеатрларынан көрсетілетін фильмдер

Жариялаған: , уақыты 25.09.2016 , 883 рет оқылды

Juldyz-alem.kz порталы назарларыңызға қазан айында кинотетарлардан көрсетілетін үздік фильмдерді ұсынады.

“Анаға апарар жол” фильмі

Қыркүйек айының 29-шы жұлдызынан бастап көрсетілетін отандық фильм барлық аналараға арналған. Ана махаббатының қуатты күшінен бастау алатын фильмді еліміздің барлық кинотеатрларынан жіберіп алмаңыздар.

Фильм режиссері: Ахан Сатаев

Фильм продюсері: Әлия Назарбаева

Басты рөлдерде: Әділ Ахметов, Алтынай Нөгербек, Аружан Жазылбекова, Болат Әбділманов, Берік Айтжанов

“04:29” фильмі

04:29

Сюжет желісі бойынша Әлихан мен Ажар өз-өздеріне қол жұмсап, өмірлерімен қоштасқылары келеді, алайда бұл кездесуден кейін екеуінің өмірі түбегейлі өзгеріп, түрлі оқиғаларға желісіне айналады. Бірақ ол көпке созылады ма, жоқ па, белгісіз…

Фильм режиссері – Мереке Мұқан

Фильм продюсері – Ардақ Балмұхаммед

Басты рөлдерде: Ербол Семқұлов, Карина Хурамшина

Дәрігер Стрэндж

Фото: itc.ua

Фото: itc.ua

Marvel-дің тағы бір суперқаhарманы туралы фильм, фильм прокатқа қазан айының аяғында еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетілетін болады.

Фильмнің режиссері – Скотт Дерриксон

Фильм продюсері – Кевин Файги

Басты рөлдерде: Бенедикт Камбербэтч, Тильда Суинтон, Чиветел Эджиофор, Рэйчел МакАдамс

Джек Ричер – 2: Ешқашан қайтып келме

Фото: projectcasting.com

Фото: projectcasting.com

Жазушы Ли Чайлдың “Ешқашан қайтып келме” романының желісі бойынша түсірілген фильм. Фильмнің тұсаукесері еліміздің кинотеатрларында 20 қазаннан бастап көрсетілетін болады.

Фильм режиссері – Эдвард Цвик

Фильм продюсері – Том Круз, Дон Грэйнджер

Басты рөлдерде: Том Круз, Коби Смолдерс, Даника Ярош, Остин Хеберт

“Инферно” триллері

Фото: best-film.net

Фото: best-film.net

Сюжет желісі бойынша, профессор Роберт Лэнгдон Италиядағы ауруханалардың бірінде есін жияды. Ол ауруханада оян уақытында есін толықтай жоғалтып алғанын біледі. Жергілікті дәрігер Сиенна Брукс оған жадын қалпына келтіруге әрі қатерлі вирус таратқысы келген қылмыскерді сырын ашуға атсалысады.

Фильм 13 қазанға жоспарланған.

Фильм режиссері – Рон Ховард

Фильм продюсері – Брайан Грейзер, Майкл Де Лука, Андреа Джанетти

Басты рөлдерде: Том Хэнкс, Фелисити Джонс

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.